Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp конференциясын ұйымдастыруға көмек көрсеткендер

14.08.2016

Бірінші ZhasCamp 27-28 тамызда Талдықорған қаласында өтеді. Бейресми конференцияны осы қалада ұйымдастыруға көмектескен Алматы облысының Жастар саясаты мәселесі бойынша басқармасы.


Былтыр осы ұйымның командасы 50 адам болып, ZhasCamp-ке қатысу үшін барлық үш қалаға келді, ал ұйым басшысы Рустам Алпысбаев оқиғаны Атырау қаласында көрді. Атырауда ZhasCamp-ті облыстық деңгейде кеңейту мәселесі талқыланды және, ресми тілімен айтып шықсақ, келесі ZhasCamp Талдықорған қаласында өтуін сол күні де шештік.




Көктемде ЖСБ-мен бірге біздің ұйым Талдықорғанда ZhasCamp Talk іс-шарасын өткізді. Бапкер Айнұр Абсеметова облыстың көшбасшыларына әлеуметтік жобаны іске асыру барысында қажеттіліктерді бағалау туралы тренинг өткізді.


Алматы облысы бойынша Жастар саясаты басқарма командасының және Рустам Алиевичтің арқасында Талдықорған қаласында жаңа заманауи Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл көрнекті және өте жайлы кешен, ішінде жастар ұйымдарының кеңселерінен басқа студия, интернет-кітапхана, коворкинг, фитнес-орталығы және де барлығына танымал антикафе орналасқан. Сонымен қатар, Жастарға қызмет көрсету орталығында сіз жастар бастамаларын қолдайтын, жұмысқа тұру, білім алу мәселелерін шешуге көмектесетін тегін кеңес беру орталығын көре аласыз.




Орталық осы жазда ғана ашылды және ZhasCamp конференциясын қарсы алайын деп жатыр. Қазақстанда осындай орталықтар тек екі жерде ғана бар – Павлодар және Талдықорған қалаларында.


Павлодар қаласында ZhasCamp конференциясын қарсы алатын YOUTH CHALLENGE атты Қазақстан жастарының одағы бар. Бұл жас, белсенді және үлкен командасы бар тәуелсіз ұйым.


Youth Challenge жастарды барлық бастамаларда қолдайды: шығармашылықта, қоғамдық қызметте және бизнесте; Павлодардың балалар және қарттар үйлерінде қайырымдылық бағдарламаларын өткізеді, Песчаный ауылында ай сайын көп балалы отбасыларына гуманитарлық көмек көрсетеді.




Сонымен қатар, біздің әріптестерімізде «JUST FLY» би орталығы және «IQ Club» білім беретін жоба жұмыс жасайды.


2015 жылы ұйымның командасы Астана қаласында өткен ZhasCamp конференциясына қатысты және біз екі жақтан да жалпы ұқсастықты байқадық: ниеттес команда, дамуға жанталасу. Бірнеше айдан кейін біздің кеңсемізде Ерсын Айдаргазин ұйым басшысымен кездестік. Екі апталық тағылымдамадан кейін біз ынтымақтастық туралы әңгімелестік және осы көктемде бірге «Тірі кітапхана» атты үлкен халықаралық жобаны Қазақстанда бастадық. Тағы екі айдан соң біз Адам құқықтары мектебінде кездестік және қазір ZhasCamp конференциясын бірге дайындап жатырмыз.


Ерсын өз жұмысын жақсы көретін, жауапты және өте мықты менеджер, командасындағы әр адамды бағалайды, жақсы жобаның не екенін біледі.



ZhasCam-тың ашылуы Жастар бастамаларын даму орталығында өтеді.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан

Основные партнеры: Места проведения

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Главные медиа партнеры

Название
Название

Мобильный партнер

Название

Партнер конкурса

Название

Интернет партнер

Название

Партнеры неформальных вечеринок

Название
Название